Солтүстік Қазақстан облысына Ресейдің Қорған облысынан делегация келді. Оның құрамында шекаралас аймақтың агроқұрылымдарының басшылары да болды. Көршілеріміз біздің өңірде сүт фермаларын салу және осы жобаны республика көлемінде тарату бойынша бастамаларға ерекше қызығушылық танытты. Сапар барысында қонақтар агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен іске асырудың үздік тәжірибелерімен танысты. Бағдарлама аясында меймандар облыстағы іргелі өндіріс ошақтарында болды. Арадағы достық қарым-қатынас агроөнеркәсіп саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға, инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша тәжірибе алмасуға, сондай-ақ көршілес өңір кәсіпорындарының арасында әріптестік байланыс орнатуға бағытталды.
Байболат Құлтанов