СҚО алғашқылардың бірі болып егіс науқанын аяқтады. Дән сіңіру жұмыстары небәрі бір айға жуық уақыт ішінде мәресіне жетті. Ауа-райы да қолайлы болып, жұмыстың нәтижелі болуына өз септігін тигізді. Биыл аграрилеріміз 4,4 млн гектар алқапқа егін екті. Оның 3,3 млн-ы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға арналған. Маңызды жұмысқа 12 мыңға жуық техника шықты. Оның жартысына жуығы жаңа. Ағымдағы жылы майлы дақылдар аумағы 85 мың гектарға ұлғайтылды. Өйткені, бұл дақылға сұраныс өте жоғары.
Мол өнім алу мақсатында 280 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды. Бұл былтырғы жылға қарағанда 24 мың тоннаға көп. Мемлекет тарапынан диқандарға зор қолдау көрсетіліп жатыр. Айта кету керек, биыл аталған салаға 700 млрд теңге бөлінген. Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг арқылы алу көлемі 250 млрд теңгені құрады. Бұл машина-трактор паркін жаңартуға және маңызды науқанның уақытынан бұрын аяқталуына зор септігін тигізді.
Нұрасыл Ахмет