ҚоғамҚұқық қорғау органдары

СҚО-да 34 млн теңгенің мүлкін ұрлағандар сотталды

Алдын ала сөз байласып, ұрлыққа барған! Петропавлда тонналап күнбағыс, бидай және зығыр ұрлаған үшеуге қатысты сот үкімі шықты. Оқиға желісіне тоқталайық, жергілікті астық қабылдау пунктінің меңгерушісі түн ішінде кәсіпорын аумағына жүк көлігін тізгіндеген серіктесін кіргізген. Бұл жайт 2 рет қайталанған. Ал ауыр қылмыс туралы күзетшіге айтпаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 34 млн теңгеден асып жығылады. Осы құқық бұзушылықтар үшін басты фигуранттар 5 жыл 6 айға сотталды. Мекеме күзетшісі ақталды. Оның әрекетінде заң бұзушылық құрамының болмауына байланысты кінәсіз деп танылды.

 

Байболат Құлтанов