Қоғам

Өңір экожүйесін сақтау: Сергеев су қоймасынан Есіл өзеніне 4 млрд текше метрден астам су жіберілді

Сергеев су қоймасынан Есіл өзеніне 4 млрд текше метрден астам су жіберілді. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатында жүзеге асып отыр. Шара Есіл өзенінің маңындағы флора мен фаунаның тіршілік ортасын және биологиялық алуан түрлілікті сақтауға бағытталған. Сонымен қатар, аталған игі іс өзен арнасын тазартуға зор септігін тигізеді. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуына да ықпал етеді. Сондай-ақ, мамандардың сөзінше судағы балықтардың саны артады.

 

Нұрасыл Ахмет