Денсаулық сақтау

Әлеуметтік қызметтер порталы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тиімді ме?

Жыл басынан Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 290 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі қазақстандыққа көмек көрсетілген. Оның шамамен 75 пайызы оңалтудың техникалық құралдары қызметін алған. 8 мыңға жуық адам – ымдау қызметіне, 24,4 мыңы – жеке көмекшінің, қалғаны санаторлық-курорттық қызметке жүгінген екен. Портал кембағал жандар үшін өте тиімді. Олар жаңашылдық арқылы қажетті дүниелерді өндірушіні және жеткізушіні өздері таңдай алады. Яғни, өздеріне керекті протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық пен гигиеналық құралдар мен арбаларды ала алады. Айта кету керек, бұл игі бастама “Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспары” шеңберінде жүзеге асты.

 

Нұрасыл Ахмет