«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жұмысы Қазақстан халқының игілігіне бағытталған. Аталмыш қордың көмегін солтүстікқазақстандықтар жиі көріп те, сезініп те келеді. Онкологиялық орталықта жаңа кабинеттің іске қосылуы халықтың денсаулығына оң әсер етеді. Ал «Бірлік» шағын ауданындағы жаңа үйлер тұрғындар үшін су тасқынынан кейінгі сенімді баспанаға айналды.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
— Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін Петропавл қаласында құны шамамен 3 млрд теңге болатын 100 тұрғын үй құрылысы қаржыландырылды. Сонымен қатар қор тағы 100 үйдің құрылысын қаржыландыру кезінде оператор ретінде әрекет етті. Спорт залдарын жабдықтаудан бөлек, әлеуметтік нысандар салу бағдарламасы да жүзеге асырылды. Биыл облысымызда 3 залдың құрылысы жоспарланған.
2022 жылдан бастап қордың қолдауымен сирек кездесетін ауыр науқасы бар азаматтарға 3,5 млрд теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмек сатып алу үшін көмек көрсетілді. Өңірдегі 13 білім беру ұйымы жабдықталды.
ЛӘЗЗАТ ШЫҢҒЫСБАЕВА, «Қазақстан халқына» ҚҚ басшысы:
— Алматы мен Астана сияқты мегаполистерге азырақ көңіл бөлінеді. Өйткені, олардың бюджеті шектеулі. Елде медицина, білім беру, спорт салаларындағы өзекті мәселелерді шешу қажет. Қор нақты адамдарға және халықтың жекелеген топтарына арнаулы көмек көрсетеді.
Қоғамдық қордың жұмысы денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру және спорт салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.