Қоғам

СҚО-да ащы судан бас тартқан ауыл саны толықты

Солтүстік Қазақстан облысында ащы судан бас тартқан ауыл саны артты. Бүгінде аққайыңдар өлкесіндегі 13 елдімекен тұрғындары ішімдік тұтынудан және сатудан толығымен бас тартқан. Соңғы 5 жыл ішінде бұларда бірде-бір қылмыс тіркелмепті. Қуанышымызға орай, жақында үлгілі ауылдардың қатарына Мағжан Жұмабаев ауданындағы Сулышоқ қосылды. 45 үй түтін түтетіп отырған елдімекенде 217 адам тұрады. Жерлестеріміздің дені мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысады. Үлкендерді тыңдайды, заңның ала жібін аттамайды.

САРАГҮЛ БЕЙСЕМБАЕВА, Успен ауылдық округінің әкімі, М.Жұмабаев ауданы:

— Біздегі ақсақалдарымыз халықтың 30%-ын құрайды. Тұрғындардың дені – жастар. Тәртіпті ауыл атанып отырмыз. Бұған ауылдағы ақсақалдар мен аудандық учаскелік полиция бөлімі әсер етті.

ҚОСМАН ЫСҚАҚОВ, Сулышоқ ауылының тұрғыны, М. Жұмабаев ауданы:

— Ауылда учаскелік инспектор бар. Арман деген үнемі келіп тұрады, жағдайды сұрайды. Ауылда барлығы жақсы, ұрлық жоқ.