Мәдениет

Облыстық қуыршақ театры кезекті маусымын қорытындылады

Облыстық қуыршақ театры 35-ші маусымының шымылдығын жапты. Өнер ұжымы бүгін балақайлардың назарына “Полярная история” спектаклін ұсынды. Туынды арқылы өнерпаздар балаларға нағыз достардың қандай болу қажеттігін және қоршаған ортаға деген сыйластықты көрсеткісі келген. Мұндай қойылымдар кез келген дүниені тез ұғынып алатын бүлдіршіндер үшін аса қажет. Себебі, олар кішкентай кездерінен жақсы көріністерді көріп өссе, алдағы уақытта елдің дамуына зор үлестерін қосатыны сөзсіз.

АНАР ҚАНАПИНА, облыстық қуыршақ театры директорының орынбасары:

— Биыл бізді 10 мыңға жуық кішкентай көрермен тамашалады. Олардың назарына 2 жаңа туындымызды ұсындық.

Тек жақсы қасиеттер бейнеленген туынды балаларға қатты ұнаған. Актерлердің өнерлерін олардың басты сыншылары – көрермендер жоғары бағалады. Спектакль үлкен-кішінің бәріне ерекше әсер қалдырды. Шара соңында жыл бойы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермендердің көңілінен шыққан әртістер марапатталды. Солардың бірі – Али Аитов. Жас өнерпаз шығармашылық жолын биыл ғана бастаған екен.

АЛИ АИТОВ, облыстық қуыршақ театрының актері:

— Ағымдағы жылы 4 спектакльде басты рөлде ойнадым. Өзіме жұмысым қатты ұнайды. Болашақта зор жетістіктерге жетіп, әлемдік деңгейде өнер көрсеткім келеді.

Айта кету керек, театр ұжымы қыркүйек айында көрермендерге есігін қайта айқара ашады.

 

Севара Зияхан