Қазақстан жаңалықтары

Үкімет Ұлытау облысында су құбыры желілерін тартуға Арнаулы мемлекеттік қордан 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылының №189 разъезіндегі құбыр құрылысына 274 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жаңаарқа ауданындағы Бидайық ауылдық округіне жаңа су құбырын тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 296 млн теңге қарастырылған.

Жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және ауылдық жерлерде инфрақұрылым құруға бағытталған. Барлық жұмыс аяқталғаннан соң Жаңаарқа ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайтын болады.

Елімізде сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік қалалық елді мекендерде 99,4%-ды, ауылдық жерлерде – 97,8%-ды құрайды. Ұлытау облысында ауыз сумен қалалар 100%, ауылдар 97,3% қамтылған.

Электр, су, жылу желілерінің 50 пайыздан астамы тозған. Бұл – проблеманың қаншалықты күрделі екенін көрсетеді. Сенат төрағасы Парламентте өткен комиссия отырысында осылай деді. Жиында инфрақұрылым мен қалаларды дамытуға қатысты мәселелер қаралды.

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Саран қаласы индустриялық аймақтарды құрудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Қалада аталған аймақ құрылған сәттен бастап өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,6 есеге, салық аударымдары 5 есеге артқан. 2000-нан астам жұмыс орны ашылған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өзге өңірлерде жалғасады.

Мәулен Әшімбаев – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

— Кейбір өңірлерде еңбек күшінің көлемі азайып жатқаны да жасырын емес. Адамдардың саны азайып жатқаны да белгілі. Бірақ басқа, оңтүстік өңірлерде адам санының өсу қарқыны байқалады. Сондықтан бұл жерде еңбек миграциясын ынталандыру және оны жүйелі түрде ұйымдастыру – сенаторлар көтеріп отырған өзекті мәселелердің бірі.