Сынып бағанасы көтеріліп еді Петропавлдағы Пёстрое көлінің жағалауы адамға лық толды. Құмда жатып, суда шомылып, алаңсыз демалуға болады. Алайда, қауіпсіздікті білу қажет. Осыған орай Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар жай ғана тілдесіп қоймады, тұрғындарға қауіпсіздік шаралары жазылған парақшалар таратты.
РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:
— Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылғы шомылу маусымы басталар алдында үлкен жұмыс атқарды. Алдымен жедел-құтқару жасағының сүңгуір қайықтарын дайындыққа келтірдік. Жыл басынан бері су айдындарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қыс уақытында мұздағы балықшылармен кездессек, жазда шомылушы тұрғындармен тілдесеміз.
Демалушылардың арасында жастардың қатары басым. Соларға басымдық беріледі. Жалынды қыз-жігіттер ақылмен шомылулары қажет. Құтқарушылар шомылу маусымы барысында осындай рейдтерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр. Олардың басты мақсаты – демалушылардың өмірін сақтау. Сонымен қатар, мамандар халықты рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға шақырады.
Жеңіс Ережеп