Нысан аудан орталығы Новоишим ауылында орналасқан. Жылдық қуаттылығы 750 мың тоннаға жететін бірегей инвестициялық жобаны жергілікті серіктестік қызметкерлері салып жатыр.
АНТОН ШТРАК, “Новоишимский мелькомбинат” ЖШС директорының орынбасары, Ғ. Мүсірепов ауданы:
— Зауыт ұн, жем және ауыл шаруашылығына қатысты өнімдер шығарады. Шикізатты біз өзіміз өсіреміз. 25 мың гектар егіс алқабымыз бар. Онда жемазықтық, арпа және майлы дақылдар өсіріледі.
Кәсіпорындағы барлық жұмыс процесі автоматтандырылады. Ерекшелігі – мұнда өнеркәсіптік робот іске қосылады. Заманауи дүние шетелден жеткізіледі. Арнайы тапсырыспен әзірленіп жатқан робот жұмыстың ауқымды бөлігін атқармақ. Жалпы, нысанның құрылысына 60-тан астам адам жұмылдырылған.
АЗАМАТ ІЛИЯСОВ, учаске бригадирі, Ғ. Мүсірепов ауданы:
“Құрылысты бастағанымызға бір жылдай болды. Алты банкі салып қойдық. Оны жарты жылда аяқтадық. Ғимараттың өзі жеті қабат. Қазір ішкі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Кәсіпорын өкілдерінің, айтуынша зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Шамамен бір айдың ішінде іске қосылады. 50-ден астам жұмыс орны құрылады. Орташа жалақы 250 мың теңге болады.
Мадина Каби