Балаларды қорғау күніне орай 6637 әскери бөлімінде ерекше шара өтті. Бұл күні әскери қызметшілердің балалары үшін есік айқара ашылып, қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды. Жеткіншектер әскери техниканың түр-түрін көріп, жауынгер әкелерінің қызметімен жақынырақ танысты. Әр баланың жүзіне қуаныш пен таңданыс ұялағандай болды.
CӘБИТ ҚУАНЫШ:
— Әкеммен келдім. Бұрын болдым. Балалардың қызығушылығын тудырған ерекше сәттердің бірі-әскери итттердің жаттығу көрсетілімі болды. Ақылды серік бұйрықтарды қалтқысыз орындап, көрермендерді тәнті етті. Мереке балмұздақсыз өтпейді. Әскери бөлімде балғындарға тегін тәтті балмұздақ таратылып, олардың көңілін көтеруге ерекше көңіл бөлінді.
РАСУЛ ӨМІРБЕК:
— Мен ата-анаммен келдім. Мында түрлі транспорт пен қару бар. Маған гранатомёт және пулемёт ұнады.
Шара барысында балалар арасында шахмат турнирі де ұйымдастырылды. Бұл – балалардың ой-өрісін дамытатын әрі достықты нығайтатын пайдалы ойын. Мұндай шаралар тек балалардың ғана емес, ата-аналардың көңілінен шықты. Балаларды қорғау күні – олардың қауіпсіздігі мен бақыты бәрінен биік екенін еске салатын маңызды күн.
ДОСАН КУРКЕНОВ – ҚР ҰҰ №6637 әскери бөлімінің командирі:
— Балаларымыз білуі керек, көруі керек қай жерде ата-аналары қызмет етеді. Қандай қару, қандай техника қолданады? Әскери бөлімде бүгін сол екі сағаттың арасында балаларға ойын ойнатқызып, әскери қызметшілердің міндеттерін көрсетеміз. Бүгінгі күнді балаларға арнаймыз.
Әскери бөлім мамандары ұйымдастырған мереке – тек көңіл көтеру ғана емес, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру жолындағы мағыналы іс.
Жеңіс Ережеп