Спорт

Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай бұқаралық велошеру өтті

Петропавл жастары нашақорлыққа қарсы! Облыс орталығында Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай бұқаралық велошеру өтті. Жұртшылықты жұдырықша жұмылуға шақыратын шараға 100-ден астам адам қатысты. Олар: оқушылар мен спортшылар.

ОЛЖАС АХМЕТЖАН, БЖСМ жұмыс жөніндегі облыстық дене шынықтыру және спорт орталығының басшысы:

– Нашақорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Велошеру өтеді. Осы жарысқа 120-дан адам қатысады. Бүгінгі іс-шараны полиция департаменті мен спорт басқармасы бірлесе өткізуде.

Велошеру алдында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхана алдында есірткіге қарсы жұмыстар жөнінде және салауатты өмір салтын ұстануға қатысты аз-кем ақпар айтылды. Кейін қатысушылар темір тұлпарларына “қамшы басты”. Олар орталық көшелермен 3 шақырым жүріп өтті.

АНАСТАСИЯ СЕМЕНОВА, Н.К.Крупская атындағы №10 орта мектебінің оқушысы:

– Есірткіге қатысты бүгінгі іс-шараның маңызы зор. Бұл мәселе жастар арасында өзекті саналады. Өзім зиянды заттардың қаупін білемін. Сол үшін велошеруді қолдай келдім.

Велошеру – есірткіге қарсы айлық шеңберінде ұйымдастырылған алғашқы шара. Алдағы уақытта тағы бірнеше бастама қолға алынады. Олардың қатарында жүгіру және жекпе-жектен сайыстар бар.