Денсаулық сақтау

Елордалық кардиологтар тәжірибелерімен бөлісті

Қазір 700 мыңнан астам қазақстандықтың жүрегінде ақауы бар. Уақыт өткен сайын бұл дерт көбейіп барады. Бүгін облыстық кардиологиялық орталықта жүрек емдейтін ақхалаттылар бас қосып, тәжірибе алмасты. Дәріс оқушы – Астана қаласындағы Жүрек орталығының мамандары.

РЫСБАЛА ӘБІЛДАЕВА, UMC Жүрек орталығының кардиолог-дәрігері, Астана қаласы:

– Дәрісте жүрек жетіспеушілігінің формасы туралы айттық. Оның бірнеше нұсқасы бар. Төмен кездегі нұсқасы және сақталып тұрып, қатты өзгерістер болатын кезі де болады. Екінші тақырып – өкпе артериясы. Оның емі де өте қиын.

Жүрек жетіспеушілігі – жүректің ақырын соға бастауы. Ол – денедегі нағыз басты рөл ойнайтын дене мүшесі. Егер науқас уақытылы емделмесе, салдары мүгедектікке немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Мамандардың сөзінше, жүрек дертіне шалдығатындардың көбі – артық салмағы барлар.

РЫСБАЛА ӘБІЛДАЕВА, UMC Жүрек орталығының кардиолог-дәрігері, Астана қаласы:

– Семіздік ол – метабологиялық синдром. Ол қант аурына әкеледі. Ол жүрекке қатты әсер етеді.

Өңірдегі жағдайға тоқталсақ. Қазір 12 мыңнан астам солтүстікқазақстандықтың жүрегінде ақауы бар. Олардың барлығы есепқе қойылған. Жергілікті кардиологиялық орталық мамандары
науқастың дерті тым күрделі болса Астанаға жібереді.

ЕРЛАН ЕРТАЙ, облыстық кардиологиялық орталықтың кардиолог-дәрігері:

– Бізге жүрек жетіспеушілігімен түсетін адамдар саны өте көп. Біз оларды керекті дәрілермен емдеп шығуға тырысамыз. Біздің орталық науқастарды тек дәрімен ғана емдей алады. Егер ота қажет болса, Астана қаласына жібереміз.

Жалпы, кардиологиялық орталықтың дәрігерлері өткен жылы ашық жүрекке 120-дан астам, ал жабық түрде 3 мыңға жуық операция жасаған. Соның мың жарымнан астамында жүрекке стент орнатылған.