Балалар

Үздік жас инспекторлар анықталды

Таңертең Петропавлдағы «Қарасай» стадионында бастау алған жол қозғалысының жас инспекторлары арасындағы облыстық слет түстен кейін аяқталды. Қазылар алқасы есептеуді ұпай сандарына байланысты жүргізді. Бас жүлдеге Мамлютка қаласының №1 мектеп-гимназиясының оқушылары ие болды. Олар тапсырмаларды мүдірмей орындаған. Чемпиондар додаға аудандағы полицейлердің айтуы бойынша әзірленіпті. Топ жарған ұл-қыздар мәз-мейрам болды.

МЕРЕКЕ ЖАНАЙЫМ, №1 мектеп-гимназиясының оқушысы, Мамлют ауданы:

– Әрине, бірнеше қиындық болды. Соның ішінде велосипедпен талап бойынша жүріп өту оңайға соқпады. Ол кезеңде мен өнер көрсеттім. Басында ақырын жүрдім, тапсырмалардан қорықтым. Алайда, бәрі сәтті аяқталды. Көріп тұрғандарыңыздай, жеңіске жетіп отырмын. Кубокқа ие болғанымызға өте қатты қуаншытымыз. Еңбек ақталды.