31-ші мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осы датаға байланысты елімізде арнайы санаттағы адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. Айта кету қажет, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемнің көлемі әртүрлі.
АЛТАЙ СЕЙІТОВ, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
– Саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған адамдар 15 АЕК мөлшерінде көмек алады. Ата-аналарымен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, жер аудару немесе арнайы қоныста болған саяси куғын-сүргін құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және соның салдарынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси саяси куғын-сүргін құрбандарының балалары 10 АЕК мөлшерінде төлем алуға құқығы бар.
Бүгінде тиісті ақша тізімге енген адамдардың шотына толығымен аударылған. Облыстық бюджеттен бағытталған қаржы 2 мыңнан астам жерлесімізге беріліпті.
АЛТАЙ СЕЙІТОВ, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
– Жалпы, бұл көмекті алу үшін тұлғалардан өтініштер мен құжаттар талап етілмейді. Биыл бұл көмек түрімен 2 092 адам қамтылды. Төленген сома 84 млн теңгені құрайды.
Тарих беттерін парақтайық, өшпестей із қалдырған ауыр кезең 1927-53 жылдардың аралығын қамтыды. Осы уақыт ішінде Қазақстан бойынша 125 мыңнан астам адам зардап шеккен. Соның 25 мыңы ату жазасына кесіліпті.