Еліміздің 9 облысында жалпы саны 30 су құбырын салу және қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Олар Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында орналасқан.Нәтижесінде 1,3 млн адам тұратын 468 елді мекенде ауыз су жағдайы жақсарады.
ЕРБОЛАТ ИБРАЙХАНОВ – ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі:
– Президенттің қазақстандықтарды ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында былтыр топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту бойынша 8 жоба аяқталды. Жұмыстар еліміздің алты өңірінде жүргізілді. Олар: Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстары. Бұл 208 мың адам тұратын 49 елді мекеннің сумен қамтылу жағдайын жақсартты.