Ауыл шаруашылығы

ҚазАгроҚаржы лизингтің тағы бір жеңілдетілген бағдарламасын қайта іске қосты

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жазылды. Лизинг жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен беріледі. Бағдарлама бойынша отандық тракторлар мен комбайндарды тартымды шарттар бойынша: бастапқы жарнасыз және 10 жылға дейінгі мерзімге лизингке сатып алуға болады. Қаржыландыру бір клиентке 205 миллион теңгеге дейінгі көлемде және 3 техника алу үшін беріледі. Сондай-ақ, 6%-дық лизинг бағдарламасы трактор мен комбайн секілді базалық техникаға мән беретін, ұзақ мерзімге жоспарлайтын және бастапқы шығындарсыз іс жүргізгісі келетін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге есептелген. Бұл ұсыныс әсіресе аванс пен кепіл беру мүмкіндіктері бола бермейтін, алайда заманауи техникаға мұқтаж орта қожалықтар үшін өзекті