Қоғам

Туристік саланы цифрландыру мәселесі талқыланды

Облыста 500-ден астам тарихи-мәдени мұра нысаны және 100-ге жуық тарихи ғимарат бар. Жыл сайын облысқа 20 мыңнан астам турист келеді. Аталған саланы дамыту мәселесі, әсіресе, оны цифландыру туристік қауымдастық өкілдері, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен өткен жиында талқыланды.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, «СҚО бойынша туристік қауымдастық» ҚБ төрағасы:

– Біз әлеуметтік желілер мен түрлі салаларда турист ағынын шамалап, соның ішінде ішкі және халықаралық бағытты нақтылау және келген қонақтар қайда тұрақтайтынын анықтау мақсатында терең талдау жұмысын жүргіздік. Осы ретте IT-технологиялардың көмегіне жүгіндік. Қорытындысы бойынша өңірдің туризм саласын дамытудың жаңа үлгісін әзірлейміз. Спикерлер өз баяндамаларында саланы цифрландыру туралы идеяларды алға тартты. Ольга Петрова алдағы және іске асырылған жобалар туралы баяндады.

ОЛЬГА ПЕТРОВА, серіктестік директоры:

– Маршрутты жоспарлаушы сайт құру ойымызда бар. Онда тарихи орындар, мейрамханалар мен қонақүйлер туралы ақпаратпен танысуға болады. Біз бірнеше күн бұрын тағы бір сайтты іске қостық. Бұл жүйе арқылы туристер қай өңірлерге көбірек барады соны қадағалаймыз.

Жиынға қатысушылардың ортақ пікірі: туристік саланы цифрландыру турист санын арттыруға септеседі.

 

Севара Зияхан