Қоғам

Ширек ғасырға жуық іс тігіп келе жатқан тігінші

Тігіншілікті жанымен қалаған жандардың бірі – Қайни Садуова. Нәзікжанды оқуды аяқтағалы іс тігумен айналысады. Жіпті иненің көзінен өткізе салу (038 п) – Қайни Тұрғынбайқызы үшін қалыпты іс. Білікті маманның еңбек құралы 45 жыл бойы өзгерген жоқ. Бұл: ине мен жіп, қайшы мен тігін машинасы. Тұрақтылық мол берекесін берді. Өсіп-өнді, отбасылы болды, балаларын да тәрбиеледі. Қазір ұжымда сыйлы жандардың бірі.

ҚАЙНИ САДУОВА, “Прогресс” тігін фабрикасының тігіншісі:

– Бала кезімнен келе жатыр. Қызым тігінші болады деп әкемнің өзі айтқан болатын. Өйткені, бала кезімнен қуыршақтарға көйлек тіккенмін. Мен бірден осында келдім. Ешқайда барған жоқпын, ондай ой да болған жоқ.

Қайни Тұрғынбайқызы зейнетке шықса да тігіншілікті тастағысы жоқ. Өйткені, бұл – бойға қанмен сіңген кәсіп. Өз ісінің жілігін шағып, майын ішкен маман тігін машинасын әндетіп отырып басқарады екен. Осыдан-ақ қиын болса да сүйікті ісіне деген ықыласын көруге болады. Қолына алған бұйымды шыр көбелек айналдыра отыра тігіп тастап, әп-сәтте келесісіне ауысады.

ҚАЙНИ САДУОВА, “Прогресс” тігін фабрикасының тігіншісі:

– Жұмысты сағат 8-ден бастаймыз. 8-ден сағат 5-ке дейін. Жұмыс көп болса, сәл жұмыста кідіріп қаламыз. Өйткені, жоспарды орындауымыз қажет. Жұмыс қиын. Бірақ, бәрібір де қыздарды шақырамыз. Білмейтінін үйретеміз, көрсетеміз. Шыдамды болу керек. 8 сағат бойы отыру оңай емес.

Кадр баршылық. Соның өзін тарту ізденіс пен еңбекті қажет етеді. Жастар қазір өндіріске келуге құлықсыз дейді кәсіпорынның бас директоры Денис Козырук. Фабрикада барлығы – 85 адам еңбек етеді. Орташа жалақы 275 мың теңгені құрайды. Жалақы көлемі разрядқа байланысты. Іс тігу компьютер немесе телефон бетін түрткілеу емес, бұл – ойды, төзімділік пен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Ісмерлер ниеті бар жасты үйретуге әзір.

ДЕНИС КОЗЫРУК, «Прогресс» тігін фабрикасының бас директоры:

– Бізде оқу комбинатымен арада дуалды келісім бар. Келген жандарды қабылдап, жұмыс барысымен және тәртібімен таныстырамыз, білім ордасында алған тәлімін осында іс жүзінде шыңдайды. Кейін жұмысқа орналасуына да мүмкіндік бар. Қазір, өкінішке қарай, жастар IT-технологиялар саласында ақша тапқанды құп көреді.

“Прогресс” тігін фабрикасы көне өндіріс орны болып саналады. Негізі сонау 47-ші жылы қаланған. Қазір кәсіпорында мемлекеттік тапсырыс аясында еліміздің қарулы күштеріне және арнайы қызметке арналған киімдер тігіледі.

 

Данаш Хамза