Ағымдағы жылы өңірімізде тағы бір ірі тауарлы-сүт фермасы пайда болады. Заманауи нысан елімізге танымал Новоникольское ауылында бой көтереді. Кешен 8 мың тұяқтыға шақталған. 9 млрд теңге инвестиция құйылған нысанда қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ферма 7 бөліктен тұрады. Оның үшеуі қора болмақ. Әрқайсысында 1280 бастан тұрады.
ЮРИЙ ПЕТРОВ, “Зенченко и К” КС инженері:
– Әкелінетін ірі қараның тең жартысы сауылады. АҚШ-тан сиырдың голштино-фриз тұқымын алдыртамыз. Бұл – әлемге сүттілігімен танымал тұяқтының бір түрі. Құрылыс жұмыстарын сәуір айында басталды. Қажетті құрал-жабдықтың Германиядан жеткіземіз. Маңызды жұмысты қыркүйекте аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Заманауи кешеннің жылдық қуаттылығы 26 млн тонна болмақ. Нысан өңіріміздегі сүт өндірісінің дамуына зор септігін тигізеді. Өткен жылы облыс фермаларында 370 мың тонна ақ сауылған. Бұл – ел бойынша екінші көрсеткіш. Мына өндіріс ошағының іске қосылуының арқасында көш басына жайғасамыз.
ҚАНАТ ДАРБАЕВ, Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің басшысы:
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында тауар өндірушілер, кәсіпкерлер мен диқандар ауылдардың дамуына үлес қосу керек деп айтқан болатын. Қызылжарлықтар бұл бағытта ауқымды жұмыс атқаруда. Ауданда құны 19 млрд теңге болатын 11 жоба жүзеге асуда. “Зенченко и К” КС тауарлы-сүт фермасы Орталық Азиядағы ең ірі жобалардың бірі болмақ.
Айта кету керек, заманауи кешен қолданысқа берілгеннен кейін 60 адам жұмыспен қамтылады.