Петропавлға ҚР Президентінің ғылым және инновациялар бойынша кеңесшісі Күнсұлу Закарья, “Amanat” партиясының хатшысы Шолпан Каринова, сонымен қатар, Сенат және Мәжіліс депутаттары келді. Арнайы топ шаһардағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің бірінде болды. Мұнда мамандардың жұмысымен танысты, қолданыстағы тәсілдерді сұрап, материалдық базаға назар аударды. Сондай-ақ, бүлдіршіндердің ата-аналарының да пікіріне құлақ асты. Өкінішке қарай, қоғамда қолдауға мұқтаж балалар көбейіп барады. Ал Петропавлда жәрдем беретін тек 2 орталық бар. Яғни, қызмет көрсетуші ұйымдардың санын арттырған абзал.
ҮНЗИЛА ШАПАҚ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Педагогтер білікті. Бұл жерде ЖОО бар. Балаларды түзету орталықтарының санын арттыру қажет. Былтыр біз бұл мәселені Парламентте көтеріп, заңды негізін құрып бердік.