Экология

Экомарафон: жастар көл жағасын қоқыстан тазартты

Шара осындай шағын жаттығудан бастау алды. Желдің қаттылығна қарамастан ұл-қыздар алдымен ырғақты әуенге қосылып, аяқ-қолдарын әбден шынықтырып алды. Бұдан кейін жастар топ-тоқа бөлініп, Пестрое маңын тазалауға кіріспек. Шомылу маусымының басталуына әлі ерте, дегенмен демалушылардан қалған немесе судың ағысымен келген қоқыс баршылық. Жалпы, мұндай экомарафонның жиі өткізіліп тұруы жастарға оң әсер беруде дейді ұйымдастырушылар.

ДАЯНА БАЙМҰҚАНОВА, “Штаб JE SKO” ҚБ төрайымы:

– Қазір өскелең ұрпақ қоршаған ортаның тазалығына өзіміз жауапты екенімізді түсініп келеді. Бұған – жастардың экомарафондарға жиі әрі белсенді қатысуы дәлел. Олар осы істерімен қаланың көркейуіне үлес қосуда.

Бүгінгі экомарафонға 70-тен астам ұл-қыз қатысып отыр. Дені – жергілікті колледждердің студенттері. Мұндай шараға атсалысу М.Жұмабаев атындағы білім ордасының жігіттері үшін де дәстүрге айналған көрінеді. 4-ші курс студенті Жанбота Амангелдиевтің сөзінше құрдастарымен бірге осы сынды марафонға қатарынан 4 жыл қатысып келеді екен.

ЖАНБОТА АМАНГЕЛДИЕВ, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенті:

– “Таза Қала”,”Таза Қазақстан” деген әртүрлі акцияларға қатысып, жыл сайын жүлделі орындарға ие болып отырамыз. Мысалы, алдыңғы жылы Пестрое маңынан 620 килограмм қоқыс жинаған болатынбыз.

Тазалық марафонына қатысқан студенттер құр қайтпайды, белсенділік танытқын әр жасқа тәтті сыйлық пен сертификат табыс етімек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тазалық шарасын экомарафон түрінде өткізу анағұрлым тиімді көрінеді.