Қоршаған ортаға қамқорлық – әр саналы азаматтың борышы. Осы мақсатта Жеңіс саябағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастар ресурстық орталығының өкілдері ұйымдастырған экологиялық квест өтті. Шараға қала оқушылары мен еріктілер қатысты. Қызыққа толы ойын қоқысты сұрыптау, ребус шешу сияқты алты кезеңнен тұрды. Олардың әрқайсысы өзекті экологиялық мәселелерге арналды. Квест соңында жеңіске жеткен командалар дипломмен марапатталып, музыкалық жабдықтарға ие болды.
НҰРИСЛАМ ҚАЙНАЗАР, шараға қатысушы:
– “Таза Қазақстан” акциясы ел тазалығы үшін керек. Ел тазалығы өмір сүру үшін керек. Өз басым қоқыс тастамаймын, әрқашан тазалық сақтаймын.
Севара Зияхан