Құқық қорғау органдары

«Қауіпсіз жол»: такси жүргізушілері тексеріліп жатыр

– Вы, получается, по inDrive взяли, да? – Да, просто, попутно. – попутно, по inDrive взяли. – Взяли, подработать. – А почему ИП не открываете? – Я же работаю…

Полицейлер Бөкетов көшесінде 35 жастағы көлік жүргізушісін тоқтатты. Көлік иесінің мобильді қосымша арқылы жолаушы тасымалдап, тиісті тіркеусіз қызмет көрсеткені анықталды. Ер адамға қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы, аталған құқық бұзушылыққа барған тұлғаға 15 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылған. Биыл барлығы – 60-тан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Полицейлердің айтуынша, шараны өткізудегі мақсат – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПД ЖПҚБ бастығы:

– Жол жүру ережелерін қатаң сақтаңыздар, жол ережесін бұзу немесе күмәнді тасымалдау жағдайларын полицияға хабарлаңыздар! СҚО полициясы жолдағы жағдайды бақылауды күшейтті.

Еске сала кетейік, биыл облыс жолдарында 140-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам қаза тапқан, 200 адам жарақат алған.

 

Данаш Хамза