Қоғам

Еріктілер кеңесінің отырысы

Облыстық мәслихат қабырғасында Мемлекеттік қызмет істері департаменті жанындағы Еріктілер кеңесінің отырысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында еріктілік қызметті дамытуға жәрдемдесу, олардың кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру. Отырыста алдағы волонтерлік іс-шараларды ұйымдастыру жоспары талқыланды. Ұсыныс та жасалды. Экология мен мәдениет саласында түрлі жобаларды қолға алуға болады. Қатысушылар ұтымды бастамаларды сөз етті. 40-қа тарта адам қатысқан басқосу соңында түрлі ұйымда еңбек ететін 6 қоғам белсендісі департамент басшысы атынан марапатталды. Маңызды істерге ортақтасып, көзге түскендердің бірі – Людмила Слюско.

ЛЮДМИЛА СЛЮСКО, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

– Біз үнемі аз қамтылған және көпбалалы жанұяларға, балалар үйіне, көмекке мұқтаж өзге де жандарға қолдау көрсетеміз. Ешбір қиындыққа бейжай қарамаймыз. Жәрдем сұрап келген әр адамға қол ұшын созамыз. Бүгін тындырған ісім үшін Алғыс алдым. Жұмысымызды алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз.