Қоғам

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады

Маусымның 1-і күні Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау бастау алады. Бұл – төртінші іріктеу болып саналады. Үш науқан барысында өңірде мемлекеттік қызметке 60 мыңнан астам адам қызығушылық танытқан. Нәтижесінде резервке 400-і қабылданыпты. Оның 300-ден астамы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда жұмыс істеп жатыр. Іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Науқан қорытындысы қазан айының соңында белгілі болады.

ЕРЖАН ҚАРЫМСАҚОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Төртінші іріктеудің ерекшелігі – резервтің әр салалық бағыты бойынша квоталар қарастырылып, іріктеу сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізілетін болады. Кандидаттарға қойылатын талаптар бұған дейін өткізілген іріктеудің талаптары сияқты. Яғни қатысушылардың жасы 35-тен аспауы, жоғары білім, бес жылдан кем емес еңбек өтілі және қазақ тілін меңгеру деңгейі В1 деңгейінен төмен болуы туралы талаптар сақталатын болады.

 

Севара Зияхан