БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
– Петропавлда жол жөндеу жұмыстары қарқын ала бастады. Біз қазір Завод көшесінің бойындамыз. Жанымызда көтерме сауда орталығы, яғни базар орналасқан. Халық бұл көшенің жағдайын жақсы біледі. Әбден тозып кеткен. Бүгін асфальт төселуде. Биыл мұндай күйге ондаған көше енеді.
БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
– Жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл 51 көше жөнделеді. Оның 49-ы – қара жол.
БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
– Петропавлдағы көшелер жай ғана жөнделмейді. Жолдардың бойында өзге де жұмыстар тындырылады. Оның барлығы халықтың көңілінен шығуы тиіс.
БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
– Негізгі жұмыстарға мыналар жатады: жолды механикалық тазалау, бордюр бойындағы қоқысты жинау, жолдарды жуу. Қазіргі уақытта Завод, Батыр Баян, Әуезов және Труд көшелері жөнделуде.
БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
– Завод көшесімен көліктер күні-түні қатынайды. Сауда алаңына тұрғындар күнде келеді. Осыларды алға тарта келе, көшенің маңызды екендігін айтамыз.
– Базарға ылғи келемін. Бұрын жол нашар еді. Енді жақсы жолмен жүреміз.
– Мы очень рады. Раньше было все по другому.
БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
– Қорытындылайтын болсақ, Завод көшесінің 500 метрі жөнделеді. Бұл – Астана мен Тоқсан би көшелерінің аралығы. Ескерер жайт, әзірге көшенің 160 метрі ғана жөнделеді. Жол-жөнекей жылу желілері жөнделуде. Бұл істен кейін жоспардағы шаруа толығымен тындырылады.
Байболат Құлтанов