Қауіп күтпеген жерден келеді. Қандай да бір жайсыз жайт орын алса, балалар дұрыс әрекет ете білулері қажет. Петропавлда дәстүрге айналған “Жас құтқарушылар” сайысы өтті. Жарыс өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 100 оқушының басын қосты. Дода жылдағыдай 5 кезеңнен тұрды. Тапсырмалар бір көзге жеңіл болып көрінгенімен асқан ұқыптылықты қажет етеді.
МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
– Жыл санап додаға қатысушы жастардың саны артып келе жатыр. Осыдан 7-8 жыл бұрын жарысқа тек петропавлдық оқушылар ғана қатысатын. Шараны өткізудегі мақсат – қайғылы оқиғалардың алдын алу және қатарымызға кадр тарту.
Севара Зияхан