Білім

Оқытушылар халықаралық кәсіби шеберлік байқауында сынға түсті

Бүгін үздіктер оқушылар емес, оқытушылардың арасында іріктеліп жатыр. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары арасында Халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтуде. Сайыс қатысушылары негізгі төрт бағыт бойынша сынға түсті.

АНАР НҰРҒАЛИЕВА, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінің әдіскері:

– Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандары, электрмен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын механикаландыру. Өрт қауіпсіздігі мамандары да кәсіби шеберліктерін көрсетуде.

Аталған бағыттар бойынша жалпы саны 34 маман бақ пен бап сынады. Арасында ресейлік және көрші өңірлердің азаматтары да бар. Еламан Қабиболла Ақмола облысындағы жоғары агротехникалық коледжінде еңбек етеді. Бүгін ол электр жүйесі бойынша 3 бірдей тәжірибелі бәсекелеспен сынға түседі.

ЕЛАМАН ҚАБИБОЛЛА, байқауға қатысушы, Ақмола облысы:

– Бірінші этап – презентация қорғау, яғни өзің жайлы ақпарат беру. Екінші этап – тестілеу.Үшінші этап – маникенге алғашқы көмек көрсету. Ал қазір бізде келесі кезең – электр схемасына қарай отырып үш фазалы электрқозғалтқышты батырмалар арқылы қосып тоқтату.

Ал шешуші сайыста қатысушылардың жылдамдығы сыналады. Әрқайсысы 10 секунд ішінде 8 метрлік биіктікке мініп-түсіп үлгерулері тиіс. Шараға қатысқан шеберлер құр қол қайтпайды. Сертификатпен мараппаталады. Мұндай халықаралық жоба колледж қабырғасында осындай ауқыммен биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.