Облыста жыл басынан бері балалардың қатысуымен 28 жол апаты тіркелген. Салдарынан 32 жеткіншек түрлі дәрежедегі жарақат алды. Осыған байланысты полицейлер профилактикалық жұмыстарды күшейтті. «Назар аударыңыз – балалар!» акциясы аясында мамандар мектеп автобустарының техникалық жай-күйін тексеруде. Әсіресе, алғашқы көмек қобдишасының, өрт сөндіргіштердің болуы, жарық шамдарының, тежеу жүйесінің дұрыстығы және салонның жағдайы басты назарға алынған.
ГАУҺАР РАМАЗАНОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:
– Осы іс-шара барысында балалармен жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша әңгімелер өткізіліп, бұл мәселелер ата-аналар жиналысында қарастырылды. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің басшыларымен кеңес өткізіліп, онда балаларды тасымалдайтын көлік құралдары мен патрульдік машиналардың сүйемелдеу мәселесі қаралды.
Данаш Хамза