Құқық қорғау органдары

“Қауіпсіз аула” қағидасы: полицейлер тұрғындармен кездесті

– Мы хотели провести с Вами профилактическую беседу о том, что нужно делать в различных случаях, когда совершаются правонарушения, преступления на Ваших глазах.

Балалардың қатысуымен болатын түрлі оқыс оқиға сол ойнап жүрген аулада орын алуы мүмкін. Тұрғындармен кездескен полицейлер азаматтарға күдікті жайтқа мән беріп, бірден құзырлы органдарға хабар беру қажеттігін айтты. Кездесу барысында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселесі талқыланды.

САҒИДОЛЛА ИТЕКБАЕВ, СҚО ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

– Азаматтарға түрлі жағдайда қайда жүгіну қажеттігі түсіндірілді. Мәселен, бірден «102» арнасына немесе учаскелік полиция инспекторына хабарласуға болады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жағдайлар мысал ретінде келтіріліп, олардың алдын алу жолдары баяндалды.