Қырағы қала тұрғыны болмаса, петропавлдық зейнеткер қалған 2 млн теңгесінен айырылып қалар еді. Ақша шешіп алып жатқан әйелдің әрекеті банкомат алдында кезекте тұрған ер адамның күдігін тудырған. Егде жастағы нәзікжанды қаражатты құлағына телефон тақаған күйі біреудің айтқаны бойынша түрлі есепшотқа аударып тұрған. Ескертуге құлақ аспаған соң, ер адам полицейлерге хабарласады. Тәртіп сақшылары 73 жастағы зейнеткердің «қаржылық бақылау маманы» болып танысқан алаяқтың арбауына түскенін дәлелдейді. Әйел адам бұған дейін қуларға 3 млн теңгесін аударып қойған екен.
Данаш Хамза