Қоғам

“Таза Қазақстан”: полицейлер 120-дан астам стихиялық қоқыс үйіндісін анықтады

Полицейлер «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
өңірде мыңға жуық рейд жүргізді. Нәтижесінде 120-дан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталған. Оның 106-сы жойылды. Жалпы, бір жылдың ішінде мамандар қоршаған ортаны ластауға қатысты 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркеген. Тәртіп бұзушыларға абаттандыру ережелері мен қоқыс тастағаны үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірілуде.