Спорт

Петропавлда ҚР Парламенті Сенатының шахматтан II ашық кубогы өтті

Петропавлда ересектер арасында шахматтан “Senat Open 2025” II ашық кубогы өтті. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 80-ге жуық спортшы жиылды. Алдымен мемлекеттік әнұран орындалып, шара салтанатты түрде ашық деп жарияланды.

Екінші жыл қатарынан өтіп жатқан турнирге көбіне аға буын өкілдері қатысты. Олардың арасында шахматты енді ғана үйреніп жүргендері де, бірнеше жылдық тәжірибесі барлар да аз емес. Соның бірі – Қонқар Таутекенов. 80-нің сеңгіріне шыққан Шал ақын ауданының тумасы шахматпен 70 жыл айналысып келеді.

ҚОНҚАР ТАУТЕКЕНОВ, турнирге қатысушы, Шал ақын ауданы:

– Өмір бойы шахмат ойнап келемін. Шал ақын ауданының 3 рет чемпионы атандым.

Бұл – бірінші іріктеу. Келесі – жартылай финал Көкшетау қаласында өтпек. Одан озып шыққандар елордада өтетін финалда бақ сынайды. Чемпион атанғандар командалық біріншілікке қатысу мүмкіндігіне ие болады.

ДАСТАН ҚАПАЕВ, ҚР шахматтан мемлекеттік жаттықтырушысы:

– Әртүрлі аудандардан ардагерлер, депутаттар келіп отыр. Қазақстанда шахмат жақсы дамып келе жатыр.

Жалпы, жартылай финалға облыстан 35 спортшы іріктеліп алынады.