Балалар

Белсенді жастар зияткерлік ойында бас қосты

Жергілікті “Ассамблея жастары” ұйымының мүшелері қыз-жігіттердің ой-өрісін дамыту мақсатында жиі іс-шара өткізіп тұрады. Себебі, жастар – мемлекеттің болашағы. Елді өркендету үшін ең алдымен өскелең ұрпақтың ойы ұшқыр болуы қажет. Бүгін де Достық үйінде студенттер арасында викториналық ойын ұйымдастырылды. Расул Каримов жоғары кәсіптік педагогикалық колледжінен келген. Олар қызықты да, тартысты ойынға бір жетідей дайындалыпты.

РАСУЛ КАРИМОВ, Жоғары кәсіптік педагогикалық колледжінің студенті:

– Шара қызықты өтіп жатыр. Командамызбен викториналық ойынға бір аптадай дайындалдық. Интернеттен және кітаптардан мәлімет іздестірдік. Негізі, өзім осындай басқосуларға жиі қатысып отырамын. Мұндай шаралар адамға жақсы көңіл күй сыйлап қана қоймайды, өзіңнің білім деңгейіңді сынайсың және арттырасың.

Шығармашыл және белсенді студенттерге арналған ерекше іс-шараға 3 команда қатысты. Бір топта – 5 адамнан. Оларға сан түрлі сұрақ қойылды. Сондай-ақ, өлең оқып, өнерлерін ортаға салды.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, “Ассамблея жастары” РҚБ СҚОФ бойынша өкілдігінің жетекшісі:

– Басты мақсатымыз – жастардың ой-өрісін дамыту. Ассамблея жастарының қатарына қосу.

Жалпы, қазір аталған жастар ұйымына облыс бойынша 800-ге жуық жас мүшелік етеді.

 

Мәдина Қаби