Облыс әкімі “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағының 3-ші субаймағында инженерлік желілердің құрылысы мәселелері бойынша кеңес өткізді. Қазір аталған аумақта “Бейкертон” атты донаттар шығаратын зауыт, тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасы кәсіпорны, көтергіш-көлік жабдықтары мен көпір крандары зауыты, саңырауқұлақ фермасы және компост зауыты сынды жобалар жүзеге асуда. Жаңа өндірістердің іске қосылуы инженерлік инфрақұрылымның болуына тікелей байланысты болғандықтан өңір басшысы мемлекеттік органдар мен мердігерлерге тиісті жұмысты күшейтіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.