Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралады. “Жас Өркен” ықшам ауданында 280 орындық жаңа балабақша салынып жатыр. Мердігер – “Основание” серіктестігі. Нысан құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Тағы бір қарқынды дамып келе жатқан аудан – “Орталық”. Уәлиханов көшесінде 280 орындық балабақша салынбақ. “Қопайда” да құрылыс қызған. Мұнда ескі үйлердің орнына жаңа шағын аудан бой көтеруде. Мұнда 605 пәтерлі 7 ипотекалық үй салынуда. Жалпы, аталған ауданда 3,8 мың пәтерлі 27 көпқабатты үй тұрғызу жоспарланған. Сонымен қатар, мектеп, балабақша және емхана пайда болады.