Білім

“Niscodeolympiad-2025” олимпиадасы

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Niscodeolympiad-2025” бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада өтті. Шараны Назарбаев Зияткерлік мектебі және спорттық бағдарламалау Федерациясы бірлесіп екінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр. Олимпиадаға қала мектептерінің 7-ші және 11-ші сынып оқушылары мен IT саласының жас білгірлері қатысты.

ӘДІЛБЕК СМАҒҰЛОВ, Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі:

– Бұл олимпиада – НЗМ-нің 10 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шаралардың бірі. Мақсатымыз – Қызылжар өңірінде бағдарламалау бойынша балалардың қызығушылығын арттыру. Бұл – олимпиаданың екінші кезеңі. Бірінші кезеңінде облыстың түкпір-түкпірінен 150-ден астам оқушы өз мектептерінде онлайн қатысып, іріктеу өткен болатын.

Шара ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды оқушыларды анықтауға және алгоритмдік ойлауды дамытуға бағытталған. Оқушылар сынақ барысында білім, логика, ойлау жылдамдығы және стандартты емес тәсіл қажет болатын күрделі мәселелерді шешті.

ЯРОСЛАВ МИХАЙЛЕНКО, бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейінің оқушысы:

– Бұл олимпиадаға алғаш рет қатысып жатырмын. Едәуір күрделі тапсырмалар болды. Маған жетінші сынып оқушысы ретінде орындау қиынға соқты. Алда республикалық сайыстарға қатысқым келеді. Бұндай олимпиадалар болашақта жоғары оқу орындарына түсуге серпін береді деп ойлаймын.

Олимпиада үзіктеріне жүлделі орындар берілді. Мадақтама, сыйлықтармен марапатталды.

 

Севара Зияхан