Өңірде адампапилломавирусына қарсы екпе егу науқаны жалғасуда. Бастама жатыр мойны ісігі мен өзге де қауіпті дерттердің алдын алу мақсатында қолға алынған. Тиісті вакцина қыз балаға ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен ғана егіледі. Екпе 11-14 жастағы қыздарға арналған. Өйткені, дәл осы жас аралығында балаларда белсенді түрде иммунитет қалыптасады, ендеше қажетті антителдер де көбірек түзіледі.
ЭСМИРА САНҒУЛОВА, №3 қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері:
– 11 жастан 12 жасқа дейін – плановая вакцинация, 12 жастан бастап 13 жас 11 ай 29 күнге дейін наверстывающая вакцинация енгізіп жатырмыз. Прививканы поликлиникада саламыз. Мектепте де саламыз. Прививочный бригадамыз бар. Мектепке дәрігер, егу медбикесі болып барамыз. Меткепте әке-шешесінің келісісімен прививканы саламыз.
Екпе алушының денсаулығы туралы мәлімет ақпараттық базаға түсіреледі. Екпе алғаннан кейін жарты сағат дәрігерлердің қарауында болу керек. Содан кейін екпе қабылдаған адамның жай-күйі тексеріледі.
ЭСМИРА САНҒУЛОВА, №3 қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері:
– Бұл прививка негізінен 2006 жылдан Америкада салына бастаған. Бізге Америкадан жеткізіледі. Аталған екпе өзге мемлекеттерде біраздан бері салынып жатыр. Поликлиника бойынша 362 қыздың ішінен жоспар бойынша 149 қызға салынды. Ешқандай реакция болған жоқ. Бәрі екпені жақсы қабылдады.
Қалалық 3-ші емханада репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр. Соның аясында тиісті түсіндіру шаралары қолға алынған. Ақхалаттылар ерлі-зайыптылармен жүздесіп, олардың толғандырған сұрақтарына жауап беруде. Ал 1-ші қабаттағы тіркеу бөлімінде жаднама толы үстел қойылған. Кез келген адам қолжетімді әрі пайдалы ақпармен таныса алады.
Данаш Хамза