Спорт

Жанұялар жарысы

Әр отбасы – шағын мемлекет. Бүгін сол шағын мемлекеттің ең көңілді әрі мықты мүшелері бақ сынады. 15-ші мамыр – Отбасы күніне орай Петропавлдағы Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда жанұялар жарысы өтті. Сайыс 8 кезеңнен тұрады. Командалар 3 адамнан құралды. Бәсекеге қаладағы 4 мектептен 4 команда қатысты.

СВЕТЛАНА ӘБЖАНОВА, С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия директорының орынбасары:

– Бұл сайыстың мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Отбасының спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу.

Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, болашақта салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ та ата-анаға қарап бой түзейді. Осы қағиданы ұстанатын Мырзасайымовтар жанұясы бүгінгі жарысқа зор дайындықпен келген. Команда атауын “Жалайыр” деп атапты.

АЙЖАН ҚҰСАТНОВА, сайысқа қатысушы:

– Бұл сайысқа қуана-қуана қатысып жатырмыз. Жүлделі орынға ие боламыз деген ойдамыз. 00:18-00:33 Осындай сайыстар отбасылық құндылықтарды, әдет-ғұрыптарды нығайтады. Жарысқа бір апта дайындалдық.

ӘДІЛХАН НҰРМАХАН: сайысқа қатысушы:

– Мен бұл сайысқа жеңіс үшін қатысып жатырмын. Жасым 11-де.

Жанұялар арасындағы жарыс тартысты өтті. Қатысушылар қарсыластарын шаң қаптыру үшін біраз тер төкті. Дегенмен, олар осы сайыс арқылы достық қарым-қатынас орнатты. Шара соңында барлығы кубок, медаль және мақтау грамотасымен марапатталды.

 

Севара Зияхан