Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “Prosol Spa” компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Адальберто Вилла және атқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесті. Италиялық серіктестер “Qyzyljar” экономикалық аймағында мал азығына арналған ашытқы өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда. Зауыттың өнімі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл – аса маңызды жоба, өйткені, өңірде сүт және етті мал шаруашылығы белсенді дамып келеді. Жобаға 3 млрд теңге инвестиция салу жоспарланған. Кәсіпорында 40 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 3 мың тонна өнім өндіріледі.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Инвесторларға сенім білдіріп, өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдірдім. Өз тарапымыздан жобаны жан-жақты қолдауға дайынбыз. Солтүстік Қазақстан өңірі тиімді серіктестікке ашық!