Қоғам

Енді бір адамның орнына екінші адам қызмет ала алмайды

Еліміздегі Мамандандырылған ХҚКО-да биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді. Бұл жүйе автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдаланылады. Жаңашылдықтың пайдасы зор. Оның көмегімен салада адами фактор жойылды. Яғни, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайды.

ЖАҚСЫЛЫҚ КЕНБАЙ, “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕ АҚ СҚОФ бөлім басшысы:

– Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі. Ол сурет автоматты түрде мемлекеттік деректер қорындағы суретпен салыстырылады. Бұл жалған суретті пайдалануға тосқауыл қояды. Қарапайым тілмен айтсақ, енді бір адамның орнына екінші адам қызмет ала алмайды.

Бұл заманауи технологияны мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін толығымен заңды әрі ашық етуге жасалған тағы бір қадам деп қабылдау қажет. Айта кету қажет, егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бірден бұғаттайды.