Облыс полицейлері халыққа қызмет ету тек кәсібилікті ғана емес, мықты рухты да талап ететіндігін дәлелдеді. Өскемен қаласында тұңғыш рет ҚР Ішкі істер министрінің Кубогына арналған хоккей турнирі өтті. Дүбірлі додада облыстық полиция департаментінің командасы тұғырдың екінші сатысынан көрінді. Өңіріміздің бас полицейі Айдын Қабдұлдинов жүлдегерлерді марапаттап, “Бұл жеңістің артында ұзақ дайындық пен ішкі тәртіп жатыр”,- деді. Спорттық төзімділік пен жеңіске деген ұмтылыс тек спорт алаңында ғана емес, күнделікті қызметте де маңызды.
АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:
– Полиция департаментіне қарасты оқу-жаттығу взводының қызметкерлері де спортта толағай табыстарға жетіп жүр. Оның ішінде Батырхан Қайырбекті айта кетуіміз қажет. Ол қазақ күресінен Азия кубогының күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар, Әділ Қайыровты айтамыз. Аға лейтенант қазақ күресінен өткен облыстық турнирге қатысып, екінші орынға ие болды.
Севара Зияхан