Денсаулық сақтау

Облыста 100-ден астам зейнет жасындағы дәрігер жұмыс істейді

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 1444 дәрігер мен 4932 орта медицина қызметкері еңбек етеді. Соның 568-і – зейнеткер. Сандарға сүйенсек, аққайыңдар өлкесіне әлі де 144 дәрігер мен 174 орта медицина қызметкері қажет. Былтыр өңірде 131 жоғары білімді маман жұмысқа тұрған. Жас қызметкерлер пәтер жалдаса, мемлекет 3 жыл төлемақы бойынша көмектеседі. Қолдаудың тағы бір түрі – аса қажет мамандарға 8,5 млн теңге көлемінде көтермеақының берілуі. Мұндай жәрдем аймақта биылдан бастап жасалады.

 

Байболат Құлтанов