Ауыл шаруашылығы

СҚО-да 273 мың гектар жерге тұқым себілді

Толассыз жауған жаңбыр солтүстікқазақстандық диқандардың жұмысын тоқтатты. Жауын-шашынға дейін теріскейлік іскер жандар 273 мың гектар жерге тұқым сеуіп үлгерген. Бұл жалпы аумақтың 6,5 % құрайды. Мұндай дерекпен ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бөлісті. Жоспар бойынша мамыр айының 15-ші жұлдызынан бастап өңірде егіс жұмыстары қарқын алады. Егер ауа райы қолайлы болса, маңызды науқан маусымның 1-іне дейін аяқталады. Жалпы, биыл аймақта 4,4 млн гектарға тұқым себіледі. Қоса кету қажетпіз, облыста көктемгі дала жұмыстарының өту барысын қадағалайтын, қандай да бір мәселе туындаса жедел шешім қабылдайтын арнайы штаб құрылған.