Петропавлда мамырдағы мерекелерге арналған спорттық іс-шаралар жалғасын табуда. Жексенбі күні киокушинкай каратеден облыстық турнир өтті.
Турнирге өңірдің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық каратеші жиналды. Татамиге 8 және одан жоғары жастағы спортшылар шықты. Кіші топтағы өреннің бірі – Данила Мальцев. Ол ширақ қимылдады, соның арқасында бірінші қарсыласынан басым түсті.
ДАНИЛА МАЛЬЦЕВ, турнирге қатысушы:
– Мен 4 жыл каратемен айналысып келемін. Көк түсті белбеудің иегері саналамын. Үйде медалдарым жетерлік. 4 рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілдім.
Жиналған көрермендер арасында құрметті қонақтар болды. Жарысты бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі, қазір “Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының” басшысы Владимир Божко да тамашалады.
ВЛАДИМИР БОЖКО, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы:
– Мұнда әртүрлі жастағы каратеші жүр. Салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың көріп, қуанып қалдым. Спорттың арқасында ешкім зиянды әдеттермен айналысып кетпейді. Бұл – тәрбиенің бір түрі. Солтүстік Қазақстан облысында карате жақсы дамыған екен. Ірі додаларда сәттілік тілеймін!
Мерекеге орай ұйымдастырылған турнир жас каратешілер үшін маңызды жарыс болып саналады. Бұл жерде көзге түскендер облыс құрамасына алынып, түрлі деңгейдегі жарыстарда өңір намысы қорғайды.
ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, “Бүкілқазақстандық кёкушинкай карате ұйымы” РҚБ СҚОФ директоры:
– Алдымызда шетелде өтетін турнирлер бар. Слардың бірі – әлем чемпионаты. Сондай-ақ, біздің қаламызда Еуразия чемпионаты ұйымдастырылады. Жазда дайындық басталады. Бүгінгі турнир бойынша үздік спортшыларды анықтаймыз. Оларға келешекте баса назар аударылады.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар арнайы грамоталармен және медальдармен марапатталды.
Севара Зияхан