Полицейлер рейд барысында «Toyota» автокөлігін тоқтатады. Көліктің жүксалғышынан ИЖ-16 тегіс ұңғылы мылтығы, «ТОЗ БМ» мылтығының ұңғысы мен бөлшектері шыққан. 50 жастағы ер адам ешқайсысын тіркемеген. Ал 44 жастағы өңір тұрғынының үйінен тіркелмеген газды тапанша табылды. Сараптама қарудың 9 мм-лік патрондармен атуға жарамды екенін көрсетті.
Тіркелмеген қаруды қабылдау акциясы аясында Есіл ауданының тұрғыны полиция қызметкерлеріне өз еркімен «ТОЗ-8» маркалы мылтығын әкеп тапсырған. 58 жастағы ер адам қаруды алқаптан тауып алдым деген. Мылтық сараптамаға жөнелтілді. Қаруды толық тексергеннен кейін ер адамға ақшалай сыйақы төленеді. Тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырғаны үшін оны өткізуші қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.