Қоғам

Петропавлда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтілді

Бұл мерекені лайықты атап өту – қазіргі ұрпақтың парызы. Соғыс жылдарын, батыр бабаларын еске алып жиналған дүйім жұрт Мәдениет үйі әртістерінің дайындаған әндерін тыңдап, билерін тамашалады. Жаңбырлы күнге қарамай, ұлы мерекені ұлықтаған өнер ұжымының киген киімдері нағыз ұрыс жылдарын көз алдыңа әкеледі.

ЖАРҚЫН ИБРАЕВ, қалалық Мәдениет үйінің әртісі:

– Бұл бағдарламаға бірнеше ай дайындалдық. Батыр аталарымыздың атына арналып әндер орындалып жатыр.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан орталық алаңға жиналған адам саны көп. Тұрғындар да жылы тілектерін білдірді.

Таңертең ұйымдастырылған шара түстен кейін де жалғасын тапты. Сәуір айында өткен “Біз – Жеңіс мұрагеріміз” атты вокалдық байқауының жеңімпаздары мерейлі мерекеде ән шырқап, жүлделерге ие болды. Бұл конкурс 10 жастан 18 жасқа дейінгі өнерлі ұл- қыздарды жинаған болатын. Солардың бірі – 10 жастағы Аяулым Қарманова.

АЯУЛЫМ ҚАРМАНОВА, Ә.Бөкейхан атындағы №25 орта мектебінің оқушысы:

– Орындаған әніміз маған ұнады. Сахнаға шығып ән айтқаным үшін өте қуаныштымн.

Мәңгілік өшпес ерлік – Ұлы Жеңістің мұрасы. Бұл күн – батырлар рухына тағзым ету күні. Қан майданда жанын пида еткен аталарымыздың ерлігі елдің жүрегінде әрдайым сақтаулы.

 

Севара Зияхан