Спорт

Жеңістің 80 жылдығына арналған волейбол жарысы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыс аумағында спорттық шаралар да ұйымдастырылып жатыр. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінде қыздар арасында волейболдан қалалық жарыс өтті. Мұнда 6-шы және 7-ші сынып оқушылары өзара сынға түсті. Шаһардағы 6 мектептің намысын қорғау үшін келген жеткіншектердің жалпы саны 70-ке жуықтайды. Айта кетерлігі, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне ата-аналар комитеті белсенді түрде көмектескен. Шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ерлікпен келген Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғындыру.

ЖАНДОС ИСИН, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі:

– Жарыс бір күнге жоспарланған. Марапаттауға келетін болсақ, алған орындар бойынша командаларға медаль, кубоктар табысталады. Сонымен қатар, “Үздік шабуылшы”, “Үздік ойыншы” аталымдары бойынша сыйлықтар беріледі.

АЙЗЕРЕ МЕЙРАМОВА, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:

– Маған жарыс ұнап жатыр. Мен волейболмен 3-ші сыныптан бері айналысамын. Біз 2 ойын өткіздік. Өкінішке қарай, жеңіліс таптық. Алайда, алдағы ойындарда жеңіске жетеміз деген ойдамыз.